Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

2026 жылғы 4 сәуір күні Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Машат елді мекенінде қайғылы оқиғаға байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлады ТЖМ.

gov.kz

Алматы, NEGE. Машат өзенінде жүргізілген жұмыстар барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағы 2024 жылы туған баланың денесін тапты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүлдіршін 31 наурыз күні өзенге абайсызда құлап кеткен. Оқиғадан кейін бірден басталған іздестіру шаралары бірнеше күнге созылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, баланың денесі өзен ағысымен шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты