22 октября 2025 г. 10:26

Түркістанда 71 жастағы қарияның жасөспірімді зорлау ісі бойынша полицейлер де тексеріледі

Фото: Полиция

Оқиға Түркістан облысы Еңбекші ауылында болған. Күдіктіге қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Алматы, NEGE. Омбудсмен Динара Закиеваның мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл істі номенклатуралық есептен алып тастаған. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура тексеріс бастады.

Мәліметке сәйкес, жасөспірім биыл қаңтар айында Астанада босанған. Дәрігерлер бұл туралы дереу полицияға хабарлаған. Кейін материалдар аумақтық тергеу құзыретіне сәйкес Келес ауданына жолданған.

Алайда кәмелетке толмағанның анасы ресми арызды тек қазан айында жазған. Қазір оқиға орнына уәкілетті өкіл жіберілді.

Бұған дейін Түркістан облысында 70 жастағы зейнеткер 15 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген еді. Жасөспірімді қорлаған адам оның туысы әрі көршісі.