Түркістан: Шардаралық спортшылар Азия чемпионатында 20 алтын медаль олжалады

Армрестлингтен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған “Шардара Армспорт” мектебінің спортшылары 20 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан, NEGE. Атап айтқанда, жас-жеткіншектер арасында Әмірхан Думан, Бекмұрат Мирас, Назар Заңғар, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт, Сәрсенбай Ердос, Анвар Элдар, Серік Ерсұлтан сынды спортшылар алтын медаль, Мансұр Еркеғали күміс, ал Тыныштық Байғани қола медаль олжалады.

Қыздар арасында Назым Закирова, Ақберген Аманат, Ырысбек Нұрғаным, Сымбат Сәрсенбаева жеңімпаз атанса, Жаңбырбек Назерке ІІ орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасында Есен Мейрамбек, Мелдебек Болат, Мыңжасар Ерзат, Сәрсенбай Жармахан, Сансызбай Ерасыл, Базарбай Асылжан, Патилда Мейрамбек чемпион атанды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 90 келі салмақта Ұлықбек Құралбаев ел намысын абыроймен қорғады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады