Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысы Шардара ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері трамадол психотроптық затын заңсыз сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Полиция күдіктінің үйін тінту кезінде трамадолдың 400 таблеткасын тәркіледі, сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық мән-жайды анықтау барысында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полициясы трамадолдың психотроптық заттар қатарына енгізілгенінен бастап, 34 дерегін анықтап, 1800-ге жуық таблеткасын тәркілеген.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді