Түркістан облысының полицейлері тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады. Белгілі болғандай күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.

Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Айғақты заттар заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті