Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Түркістан облысының Отырар ауданында газға өз бетінше қосылу салдарынан жарылыс болды. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде болған. Салдарынан бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтерге зақым келді.

Қазіргі уақытта газ беру уақытша тоқтатылып, желілерге тексеру жұмыстары жүргізілуде.