Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкелгендер жауапқа тартылды

Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады. Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде Volvo FH жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады