Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза болды.

Видеодан скриншот/Otyrar

Астана, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қайғылы жағдай Қазығұрт ауданы «Қазығұрт – Жібек жолы» тасжолында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, Haval автокөлігімен соқтығысқан», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?