Түркістан облысында жоғалып кеткен бүлдіршін табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 4 жасар бүлдіршінді сауда орталығынан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен төрт жасар баланың анасы Созақ ауданының полициясынан көмек сұрады. Оқиғаға бірден назар аударған полиция дереу жеке құрамды жұмылдырды.

Кешқұрым болған соң полицейлер уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстыра отырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәлардан жауап алды. 

Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты. Баласымен қауышқан ана Созақ ауданы полицейлерінің жедел әрекетіне сүйсініп, аналық алғысын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты