Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы сәбиін сатып алатын адам іздеген.

polisia.kz

Астана, NEGE. Әйелдің заңсыз әрекетін полиция қызметкерлері дер кезінде әшкереледі, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде Павлодарда қолға түсті.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында сәбиге төнуі мүмкін ауыр және қайтымсыз қауіптің алдын алу мүмкін болды.

 

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ведомство өкілдері адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыс қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

 

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек