Түркістан облысында жаппай төбелес болды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Оқиға куәгерлері мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі кадрларға қарағанда, төбелес бірнеше ер адам арасында болған. Олар "дубинкаларды" қолданған, бір-бірін жұдырықпен ұрып, тепкілеген.

Видео авторы Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болғанын айтты.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Түркістан облысының полициясы Мақтаарал аудандағы ауылдарының бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді