Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында жалған айғақ беруге айдап салған адвокатқа үкім шықты, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Алматы, NEGE. Ведосмстваның мәліметінше, бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іс бойынша басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген.
«Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған», – делінген хабарламада.
Сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып, оларға 5 және 6,5 жылға тисінше бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.