Түркістан облысында зауыт өртенді

Түркістан облысында мақта өңдеу зауатынан өрт шығып, 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті, деп хабарлады sn.kz ақпарат порталы.

ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының құтқарушылары 80 тонна мақтаны өрттен қорғап, өрттің таралуына жол бермеді. Оқиға Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында болды. Мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта өртенген.

«Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды