Түркістан облысында заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. 16 адамнан құралған топ Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулап, сатумен айналысқан.

Яғни бірі балық ауласа, енді бірі тасымалдаушы, тағы бірі сатушы болған. Кейбірі бұған дейін осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды.

Олардан бір тоннадан астам балық, 12 қайық пен қозғалтқыштар тәркіленді. 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар алынды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды