Түркістан облысында заңсыз ауланған балық тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері ер адамнан 100-ден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары Келес ауданының аумағында рейд жүргізу барысында моторлы қайықты тіркеп алған ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғыннан қайық, мотор, ау және басқа керек-жарақтарды, сондай-ақ 100-ден астам әр түрлі балықтарды тауып, тәркіледі.

Анықталғандай, 45 жастағы ер адам моторлы қайық пен ауларды пайдаланып, Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаумен айналысқан.

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды