Түркістан облысында ұрланған көлік Тараздан табылды

Полиция қызметкерлері Түркістан облысында ұрланған көлікті Тараз қаласынан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін ұрлады деген күдікпен екі жас жігітті анықтады. Оқиға сағат 01:00 шамасында болған. Жәбірленуші ВАЗ көлігін үйдің жанына аз уақытқа қойып кеткен.

Осы сәтті пайдаланған жас жігіттер қызық үшін көлікті ұрлаған. Шығын шамамен бір миллион теңгені құрады. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Тараз қаласынан тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты