Түркістан облысында тұрғындарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында полиция әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды 1,5 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 31 жастағы алматылық тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті әйел әлеуметтік желіде мүгедектікке шығарып беремін және үй кезегіне қоямын деп жалған жарнама жасаған. Яғни екі жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, олардан 1,5 миллион теңге ақшасын алып, хабар-ошарсыз кеткен.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды