Түркістан облысында тыйым салынған материалдарды жариялаған тұрғын сотталды

Түркістан облысында тыйым салынған материалдарды жариялаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдікті анықтады.

Нақтарық айтсақ, полицейлердің атқарған жұмысы нәтижесінде әлеуметтік желілерде терроризм идеяларын насихаттайтын экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан жақын шетел азаматы ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды. Жиналған материалдар Сарыағаш аудандық сотына жолданды, нәтижесінде сот үкімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция әлеуметтік желілердегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеуге, сонымен қатар қырағы болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады