Түркістан облысында тауда адасқан алты турист құтқарылды

Түркістан облысында жоғалған алты турист құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Кеше Шымкент қаласының үш ер және үш әйел тұрғыны Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңына шыққан. Алайда белгіленген уақытта оралмаған және байланысқа шықпаған. Осыдан кейін олардың туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркінің аумағына аттанып, 4 шақырым таулы аймақты және 1 шақырым өзен бойын жаяу жүріп өткен.

Түнгі уақытта туристер табылды. Белгілі болғандай, әйелдердің бірі аяғын сындырып алған, қалғандары оны өз бетімен тасымалдай алмаған.

Қазіргі таңда зардап шеккен туристке медициналық көмек көрсетілуде.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті