Түркістан облысында студент қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында жас қыздың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 6 маусым күні таңғы сағат 07:05 шамасында тіркелген.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол колледждің бірінші курс студенті болған. 

Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдары күдіктіні жедел іздестіру нәтижесінде ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді