Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

23 қазанында ем қабылдап жатқан сотталушы медициналық мекемеден өз бетінше кетіп қалған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Түркістан облысында полицейлер жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтап, оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қашқынды іздеу мақсатында полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

«Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға ең қатаң шаралар қолданылатын болады», – деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Жағдай Түркістан облысы ПД басшылығының жеке бақылауында

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр