Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері 7 айлық нәрестені аман алып қалды

Облыс орталығының Әмір Темір көшесінде күнделікті қызметте жүрген сақшыларға егде жастағы жүргізуші келіп немересіне дем жетпей жатқанын айтқан.

Полиция

Түркістан, NEGE. Мұны естіген полицейлер бірден көмек қолын созды. Көлік ішінде ауа жетпей көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған.

Әріптесім Сламхан Серікбай екеуміздің жүгіріп жүргенімізді көрген тұрғындардың бірі өзінің дәрігер екенін айтып, қасымызға келе қалды. Абырой болғанда балаға алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Одан әрі анасымен бірге ауруханаға жылдам жеткіздік, дейді полиция қызметкері Бауыржан Ілес.  

Қазір оқып жатыр

Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр