Түркістан облысында пәтерде жалғыз қалған бүлдіршін құтқарылды

Түркістан облысында полицей пәтерде жалғыз қалған бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Кентау қалалық полиция бөлімінің «102» нөміріне жергілікті тұрғын әйел көмек сұрап хабарласты. Оның айтуынша, үйінде 3 жасар қызы есікті ішінен құлттап алған, кіре алмай қалған.

Оқиға орнына өзіне бекітілген аумақта жүрген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан дереу барды. Анықталғандай, анасы қызын үйде қалдырып, дүкенге кеткен. Осы уақытта ойын баласы есікті іштен құлттап алған. Содан анасы пәтерге кіре алмаған, ал бүлдіршін қыз есікті аша алмаған. Учаскелік полиция инспекторы шұғыл әрекетке көшіп, балкон арқылы кіруге шешім қабылдайды.

Полиция қызметкері пәтердің 5-қабатта орналасқанына қарамастан, көршісінің балконы арқылы ішке кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Ал балақайдың анасы полиция қызметкеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді