Түркістан облысында мешіттерден ақша ұрлаған күдікті анықталды

Түркістан облысында тәжірибелі криминалист мешіттерден қайырымдылыққа жиналған қаражатты ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Осы жылдың наурыз айында Түркістан облысында орналасқан мешіттерден ұрлық жасалды. Ұры аудан тұрғындарының қайырымдылыққа жинаған ақшасын ұрлап кетті. Қылмыскерді іздеуге Түркістан облысы ПД ЖКБ аға криминалисі Шыңғыс Сарсеков қосылды.

Бейне талдау жүйесін қолдана отырып, ол күдіктінің жеке басын анықтай алды. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Ол ұсталды және кінәсін мойындады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты