Түркістан облысында күдіктілерден 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді

Түркістан облысында полиция күдіктілерден 12 мыңнан астам трамадол таблеткасын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар трамадол дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының Алматы – Шымкент тасжолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған Lada автокөлігін тоқтатты.

Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде трамадолдың 12 мыңнан астам таблеткасын тауып, тәркіледі. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?