Түркістан облысында ер адам бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған

Бүйрегін сатуға әрекеттенген ер адамға қатысты қылмыстық іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралды.

depositphotos.com

Астана, NEGE. Сот дерегінше, сотталушы 2025 жылдың ақпан айында Telegram желісінде бүйрегін сататынын айтып, хабарландыру жариялаған.

Нәтижесінде ол қылмыстық әрекетті имитациялаушы ішкі істер органдарының қызметкерімен жолығып, бүйрегін 13 млн теңгеге сатуға келіскен. Кейін 5 млн теңгені қолма-қол алу барысында ұсталған.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақшаға мұқтаждықтан барғанын мәлімдеген.

«Сот жасалған қылмыстық әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қолданып, сотталушы М.-ді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, іс жүргізуді тоқтатты», – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?