Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Түркістан облысында су екі көпір мен бір өткелді шайып кетуіне байланысты құтқарушылар 81 адамды эвакуациялады.
Астана, NEGE. Төлеби ауданында, Ақмешіт ауылының туристік аймағында толассыз жауға жаңбырдың салдарынан Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді.
Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстырып тұрған екі уақытша, қолдан жасалған көпірді су шайып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, «Қазселденқорғау», полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастырып жатыр.