Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Қарнақ ауылындағы көпірді жартылай су басып қалды, деп хабарлады stan.kz.

stan.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Кентау қаласы мен Қарнақ ауылы арасындағы көпірді су шайып кетіп, оның үстінде жұқа асфальт ғана қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Түркістан облысының әкімдігі толассыз жауған жаңбырдан кейін өзендегі су деңгейі көтерілгенін хабарлады. Салдарынан Қарнақ ауылындағы көпірді (ұзындығы 30 метр, ені 10 метр) ішінара су басқан.

“Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастырады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Сонымен қатар Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округіне қарасты Бақырлы ауылына кіре берістегі көпірді де су шайып кеткен. Әкімдік көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында уәкілетті органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Қазір оқып жатыр

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған