28 октября 2025 г. 17:06

Түркістан облысында бюджет қаражатын ұрлаған шенеуніктер ұсталды

Фото: Полиция

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысына қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.