26 ноября 2025 г. 12:57

Түркістан облысында бір отбасынан жеті адам уланып қалды

Фото: Gov.kz

Түркістан облысында бір отбасынан жеті адам иіс тиіп уланды, деп хабарлады Kazinform агенттігі.

Астана, NEGE. Зардап шеккендерді дәрігер қарап, денсаулық жағдайлары тұрақты болған соң үйлеріне жіберді. Үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылы, Мәңгілік көшесінде орналасқан үйде болған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғаға үйдегі жылыту пешінің ақауы себеп болған. Пешке тасталған заттар мен көмір түтіні үй ішіне тарап, тұрғындар уланып қалған.

Үйде жеті адам тұрып жатқан, олардың бесеуі бала. Зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілді. Олардың жағдайы қалыпты.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін үй иесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды.