Түркістан облысында әскери қызметкердің басына оқ тиді

16 қыркүйекте тәуліктік нарядта қызмет атқару кезінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер басынан жарақат алған.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 16 қыркүйекте болған.

Қорғаныс министрлігіне қарасты Шымкент горнизонының баспасөз қызметінің хабаралуынша, әскери қызметкер травамтикалық қарудан жарақат алған.

«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкері травматикалық қарудан басынан жарақат алды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Аудандық ауруханаға жеткізілген әскери қызметкердің жағдайы қазір тұрақты-ауыр деп бағалануда.

«Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы тұрақты-ауыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді