Түркістан облысында әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт қашып кеткен

Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Ө.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ө. 2025 жылғы 25 мамырда сағат 00:30 шамасында Түлкібас теміржол станциясының перронында, әскерге шақырылған досымен қоштасу барысында, полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсылық танытқан.

Осылайша, әскерге шақырылған жігіт пойыздан қашып кеткен.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

«Сот қаулысымен Ө. кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты