Түркістан облысында ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіленді

Түркістан облысында полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз тасымалдаған күдікті 2 жігітті ұстады.

Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент – Жетісай тасжолында Toyota автокөлігін тоқтатты. Көліктегі екі жігіттің Жамбыл облысының ағайынды тұрғындары екені анықталды.

Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 65 келіден астам ішінде марихуана есірткісі бар 4 қап тауып алды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жайт "Тосқауыл" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?