Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 2-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды

Бәйдібек ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысы 2-сынып оқитын қыз баланы зорлаған. Оқиға Қошқар Ата ауылында болған.

Аталған оқиғаға қатысты бар күдікті ретінде кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында болады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де деректер жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады