Түркістан облысында 1 млн теңге бопсалаған блогер анықталды

Түркістандық блогер 1 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді. 

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен.

Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды.

Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.

Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады