Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

Бұл туралы облыстық мәслихат аппараты төрағасының арнайы шақыртуы ресми сайтта жарияланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес, ертең Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.

Күн тәртібіндегі негізі мәселе – Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру.

Дәл қазір Түркістан облысы әкімінің қызметін Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды атқарып келеді. Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады