Түркістан облысы Жер ресурстары департаментінің басшысы пара алды деп күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты