Түрікменстан билігі әртістерге бір айдың ішінде арықтауды бұйырды

Жуырда Түркіменстан билігі әртістер мен мәдениет саласы қызметкерлеріне 27 қыркүйек елдің Тәуелсіздік күніне дейін шұғыл түрде артық салмақтан арылуды бұйырды.

tdh.gov.tm

Алматы, NEGE. Аталған уақытқа дейін арықтап үлгермеген әртістер сахнаға шықпайды, сонымен қатар телевизиялық түсірілімдерге қатыспайды. Тіпті еңбек сіңірген және халық әртістері де бұл бұйрықтан аттап өте алмайды. Талап бәріне бірдей.

Мәліметтерге сүйенсек, мұндай бұйрықты қазіргі Халық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедов шығарған.

Өнер адамдары жалақысының аздығына байланысты дұрыс тамақтануға немесе спортзалға тұрақты баруға мүмкіндіктері жоқ екенін айтып шағымдануда.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған