Түркияның Жерорта теңізі аймағында цунами болуы мүмкін

Хатайдағы жер сілкінісінен кейін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы цунами болуы мүмкін деген  ескерту жасады.

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғындар Түркияның Жерорта теңізі аймақтарында дауыс зорайтқыштардан цунами болуы мүмкін деген ескертулер естіліп жатқанын хабарлады.

AFAD қызметі тұрғындардан жағалауда қалмауды ескертті.

«Теңіз деңгейінің 50 см-ге дейін көтерілу қаупіне қарсы сақтық шарасы ретінде азаматтарымыздың жағалаудан алыс болуы маңызды», - делінген хабарламада.