Түркияның оңтүстігінде зымыран соққысының салдарынан үш адам қаза тапты

YPG лаңкестері (КЖП-ның сириялық қанаты –ред.Анадолу) Түркияның оңтүстігін зымыранмен атқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Газиантеп провинциясының шекаралас Қарқамыс ауданына Сирияның солтүстігінен зымыран атылған.

Газиантеп губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, содырлар Қарқамыс ауданына жалпы саны 5 зымыран тастаған. Салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланған.

Бұл ауданға жедел жәрдем бригадалары жіберілді.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, жарылыстар лицейлердің бірінің ғимаратында болған. Сонымен қатар екі тұрғын үйге, Қарқамыс бекетінің маңында жүк көлігіне де снарядтар түскен.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті