Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен зілзала тіркелді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Алматы, NEGE. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының ақпаратынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.

Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңде жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Ақпан айында болған табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты. Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 50 мыңнан астам адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті. Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр. 21 наурызда Кахраманмарашта 4,1 магнитудасымен жер сілкінді.