​ Түркияның халықаралық атауы өзгерді

Түркияның халықаралық атауы Türkiye болып өзгерді, - деп хабарлайды aa.com.tr.

Алматы, NEGE.  Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берді. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтты.

Дипломат бұл жаңалық Анкараның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған қадамдары аясында қабылданғанын атап өтті.

"Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен елдің беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде Türkiye деп тіркейміз. Тек жақсылыққа бастасын!", - деп жазды Чавушоглу.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді