Түркияға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарға жеңілдік жасалады

Бұл жеңілдік түркітілдес елдердің азаматтарына да қатысты. Түркияның түркітілдес шетелдіктердің жұмыс істеу тәртібі туралы заңына өзгерістер енгізілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Енді бауырлас елдерден барған азаматтар жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бұрынғыдай көп құжат жинамайды. Сонымен қатар жекеменшік емес мемлекеттік секторда да жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Ол үшін жұмыс істеуге барған адамда өзінің түркітілдес елдің азаматы екенін анықтайтын куәлік пен Түркияда уақытша тұруға мүмкіндік беретін жеке куәлігі болуы қажет.

Бұдан бөлек білімі мен мамандығын растайтын құжаттар да талап етіледі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?