Түркиядан жалған доллар әкелген топ құрықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті республика аумағына АҚШ долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізіп, таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

, - деп жазды Sputnik. 

Алматы, NEGE. Жеделіздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталған.

Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Түркия Республикасының құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.