Түркиядағы зілзала құрбандарының саны күрт өсіп кетті

24-қаңтарда Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35-ке жетті, тағы 1547 адам жараланған. 104 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  ​

Алматы, NEGE. Магнитудасы 6,8 баллды құраған зілзала құрбандарына қатысты мәлімет әлі өзгеруі мүмкін. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің 3 400 өкілі, жүздеген техника және 17 иісшіл ит құтқару, зілзала орнын тазалау жұмыстарын жалғастыруда.

 

Түркияда болған зілзаланың эпицентрі Элязыг провинциясында 6,75 шақырым тереңдікте тіркелді. Түкриядан бөлек жер сілкінісінің дүмпуі Сирия, Ливан және Иракта сезілген. Кемінде 70-тен астам үй қираған, үйінді астынан 45 адам құтқарылған. Түркия президенті Ережеп Ердоған табиғат апаты болған мекендерді аралап, зілзала салдарын жоюға бар күшті жұмылдыратынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»