Түркиядағы зілзала: 65 сағат бойы үйінді астында жатқан бүлдіршін құтқарылды

Түркияда 65 сағаттан астам уақыт бойы үйінділер астында жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдейді. – Құдайға мың алғыс. Біз Элисті құтқардық, – деді елдегі төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Мехмет Гюллюоглу. Аман қалған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Құтқару операциясы басталғалы үйінділер астынан 106 адам аман шығарылған, олардың арасында қыз баланың анасы мен бауырлары да бар. 30 қазанда Түркияның батысында 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Салдарынан одаған үй қирап, кемінде 79 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?