31 июля 2023 г. 10:12
Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 2 қазақстандықтың жағдайы белгілі болды
Оларға ота жасалды. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Алматы, NEGE. Кеше Аланияда туристер мінген автобус жол апатына түсті. ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, автобуста Қазақстанның 12 азаматы болған.
Оқиға салдарынан екі адам көз жұмған, олар Түркия және Украина азаматтары.