Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтары бар

Түркияда үш қазақстандық жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті. Олар сол елде үш жылдан бері жұмыс істейді.

Алматы, NEGE. Жоғалғандардың бірі зілзала болардан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған. Жақындары Түркиядағы елшілікке де хабарлаған.

Олардың ішінде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев атты азамат бар.

Оның ағасы Алмас Құрмашевтың айтуынша, Мирус Түркияның Хатай қаласында болған. Жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілген. Содан бері туыстары оның қайда екенін, жағдайы қалай екенін білмей, алаңдаулы күйде отыр.

Сондай-ақ жоғалған азаматтың ағасы қазақстандық волонтерлар оны іздеу үшін 8 ақпанда Түркияға аттанатынын да жеткізді.