Түркиядағы жер сілкінісі құбандарының саны артты
Измирде болған зілзала құрбандарының саны артты. Түркия төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің соңғы мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 43 адам опат болды.
Алматы, NEGE. Оның біреуі суға кеткен. Жарақат алған 896 адамның 700-ге жуығы ауруханадан шықты. Құтқарушылар жер сілкінісінен опырылып қалған 9 ғимараттың үйінділерін аршып жатыр. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 мыңдай маман жұмылдырылған. Еске сала кетсек, жұма күні Эгей теңізінде күші 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Сенбі күні Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған апат болған аймаққа келіп, марқұмдардың туыстарымен кездесті.