Түркиядағы турнирден спортшылар олжалы оралды

Түркияда грек-рим күресінен рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Одан бөлек, алты спортшы бесінші орын иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Бас бапкер Серік Жұмашевтің айтуынша, балуандар өз деңгейінде өнер көрсеткен.

"Турнирге 15 мемлекеттің балуандары қатысты. Қазақстан командасы жалпы есепте 28 спортшыны жарысқа қосқан болатын. Оның ішінде бесеуі жүлдеге ілікті. Бір алтын, бір күміс, үш қола медаль бар. Одан бөлек, қола жүлдеге таласқан алты спортшымыз жеңіліп қалды. Жалпы алғанда, бұл биылғы маусымның беташар жарысы. Қай балуанның дайындығы қай деңгейде екенін бақыладық. Енді алдағы бәсекелерге дайындаламыз", - деді Жұмашев. 

Айта кетелік, Түркия жеріндегі жалғыз алтынды Ернұр Фидахметов жеңіп алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды